Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда коммуналдық қызмет пен жергілікті тұрғындар қатысқан аумақтарды тазалау және көгалдандыру бойынша экологиялық акция өтті. Жалпы мереке қарсаңында 1000-нан астам көшет отырғызылды, оның ішінде 400-ден астамы Жаңару күні аясында егілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Түрксіб ауданында Қонаев атындағы өндірістік кооператив аумағында жапырақты ірі 139 ағаш егілді.

Әуезов ауданындағы №1 шағынаудан скверінде 30жапырақты ағаш көшеті отырғызылды.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Аудандағы акцияға жүзден астам адам, атап айтсақ еріктілер, оқушылар, студенттер және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар қаланы көгалдандыру мен қоршаған ортаны жақсарту үшін жиналды.

Іс-шараға қатысушылардың бірі Ғалия Ермұханова ағаш егумен қатар, оларға тұрақты күтім жасау маңызды екенін айтты.

«Ағашты күтіп-баптауға тұрақты суару, санитарлық және қалыпқа келтіріп кесу, зиянкестермен күресу және топырақты қопсыту кіреді. Бірнеше жыл өткен соң еңбегіңнің нәтижесін көру ерекше қуаныш сыйлайды», — деді ол.

Сонымен қатар, Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында 75 ірі ағаш егілді.

Жетісу ауданындағы «Ратушный» скверінде 50 жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. Алмалы ауданында Розыбакиев көшесінің бойында (Дүйсенов көшесінің қиылысында) 20 ірі ағаш егілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2025 жылы Алматыда 420 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Оның ішінде 42 мың ағаш (5-6 метрлік 5 мың ірі ағаш және 2,5 метрлік 37 мыңнан астам көшет) бар. Сонымен қатар, буферлік аймақтарды көріктендіру аясында 380 мың бұта егілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті