Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жас дизайнерлер мен ЖИ-робот қатысқан конкурс өтті

Астанада жас дизайнерлер мен ЖИ-робот қатысқан конкурс өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «ӘСЕМ FASHION» атты жас дизайнерлердің қалалық конкурсы ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлттық киім күніне және «Наурызнаманың» онкүндігіне орай өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конкурстың ұйымдастырушылары қатарында елорда әкімдігінің балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, кәсіби-техникалық колледж және Нұрa ауданы әкімдігі болды.

Конкурстың қатысушылары – колледж студенттері – екі номинацияда өз коллекцияларын ұсынды: этно-фьюжн және NEO-фольклор. Жобаның мақсаты – ерекше дара тұлғаларды анықтау, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық киімді насихаттау және жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыру.

Іс-шара қонақтары ретінде Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жас модельерлері және елордадағы Белсенді ұзақ өмір орталығының модельдері қатысты. Көрермендердің ерекше назарын жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған робот аударды, оның биі аудиторияны тәнті етті.

Конкурс бағдарламасының басты сәттерінің бірі «Ақ Бата» этноклубы дайындаған «Тамыр» қойылымы болды. Бұл көрсетілім ұрпақ сабақтастығын, қазақ дәстүріндегі әйелдердің рөлін және үлкендерден жастарға берілетін даналықты бейнеледі.

Финалда қатысушылар амулет пен шаңырақ пішінінде композиция жасап шықты, ал бұл отбасылық бірлік пен ұлттық құндылықтарды сақтаудың символына айналды.

Іс-шара жастардың эстетикалық талғамын дәстүрлі мәдениет негізінде қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық киім мен студенттердің шығармашылық қызметі арқылы өткен мен болашақ арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті