Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы Оқушылар сарайында Көрісу күні аталып өтті

Астанадағы Оқушылар сарайында Көрісу күні аталып өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорданың әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Көрісу күні аталып өтті. «Дәстүр» атты марафонға астаналық Білім басқармасының өкілдері, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының «Аналар мектебі», «Балқадиша» орталығының аналары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Бұл күн әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында жыл сайын 14 наурызда аталып өтеді.

«Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген», – деді әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Гульзира Оспанова.

Марафон барысында Оқушылар сарайының 2-қабатында қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында хореография, театр және вокал бөлімдерінің қатысуымен қазақтың ұлттық ойындары, салт-дәстүрі мен өнері көрсетілді. Концерттік бағдарламаның соңында шашу шашылып, бауырсақ таратылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты