Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық колледждердің екі мыңнан астам студенті Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына арналған флешмобқа қатысты

Елордалық колледждердің екі мыңнан астам студенті Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына арналған флешмобқа қатысты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан колледж студенттерінің қатысуымен Жұмысшы мамандықтар жылының аяқталуына арналған ерекше флешмоб өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Жұмысшы мамандықтар жылының ресми жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында колледждердің негізгі жетістіктері мен бастамалары, жұмыс берушілермен бірлескен кәсіби білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытындағы нәтижелер таныстырылды. 

Сонымен қатар кәсіби білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Осы айтулы оқиғаға орай елорданың Білім басқармасы флешмоб ұйымдастырып, оған жұмысшы мамандықтар бойынша білім алып жатқан колледждердің 2 000-нан астам студенті қатысты. Атап айтқанда, аспаздар, бармендер, тігіншілер, слесарьлар мен электрмонтажшылар акцияға белсене атсалысты.

Қатысушылар арнайы осы шара үшін жазылған «Жүрек қалауы» әнін орындады. Бұл ән алдағы уақытта жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан барлық студенттің ортақ әнұранына айналады.

 

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді