Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп оқушылары эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша диплом алды

Астанада мектеп оқушылары эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша диплом алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Пилоттық жоба аясында мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткен 155 оқушыға диплом табысталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағдарлама жоғары сынып оқушыларының колледж базасында жұмысшы біліктілігін алу үшін әзірленген. Осылайша мектеп оқушыларына өз қабілеттерін іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер бере отыра, болашақта еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделуге үйретеді. Сонымен қатар жастардың жұмысшы мамандықтарды игеруге деген қызығушылығын арттырады. Эксперименттік білім беру бағдарламасы елордадағы «Кәсіптік техникалық» колледж, «Сервис және туризм» колледжінде және «Техникалық колледжде» іске асырылды. Осы орайда Кәсіптік-техникалық колледж директорының кәсіптік оқыту бойынша орынбасары Нәзира Тоғайбаева аталған бағдарламаның ерекшелігіне тоқталып өтті.

«Бұл жобаның ерекшелігі мектеп оқушылары 10-11-сыныпта оқып жүріп, колледждерге барып, қалаған мамандықтары бойынша кәсіби білім ала алады. Кәсіби білім алу мақсатында олар теориялық және практикалық білім алды. Осылайша оқушылар әлі мектеп аттестатын алмай жатып, біліктілік туралы диплом алып отыр. Мектеп оқушылары 11-сыныптан кейін жоғары оқу орнына оқуға түспей қалған жағдайлар болады. Сол кезде олар кез келген жұмыс орнына толыққанды маман ретінде жұмысқа кіре алады. Осылайша елімізде жұмыссыз жүрген жастардың саны азаяды», - деп түсіндірді Н.Тоғайбаева.

Диплом алып отырған мектеп оқушылары «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша білім алған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты