Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұнайдан көмір химиясына дейін: Қазақстан мен АҚШ энергетикалық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

Мұнайдан көмір химиясына дейін: Қазақстан мен АҚШ энергетикалық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді. Дипломатиялық диалог барысында тараптар екіжақты іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, энергетикалық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздердің негізгі бағыты өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлемдік нарықтарға шығатын экспорттық бағыттардың тұрақты жұмысын сақтау болды. Бұл тұрғыда екі елдің экономикалық қатынастарының іргетасы саналатын энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.

Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сынды ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруда негізгі серіктес болып табылатын АҚШ-тың «Chevron» және «ExxonMobil» сияқты ірі корпорацияларымен сындарлы әріптестікке баса назар аударылды.

Сонымен қатар, тараптар көмір саласын дамыту, оның ішінде көмірді терең өңдеу және көмір химиясы саласының перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Бүгінгі таңда тиісті Жол картасы бекітілген, оның аясында халықаралық және отандық компаниялардың қатысуымен аммиак, карбамид, синтетикалық газ және дизель отынын өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Қазақстан көмір генерациясының тиімділігін арттыруға және экологиялық әсерді азайтуға бағытталған «таза көмір» саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар екі елдің энергетикалық кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізетін Стратегиялық энергетикалық ынтымақтастық аясындағы белсенді диалогты жалғастыру ниетін нақтылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті