Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ ынтымақтастығы мәселелері бойынша кездесу өткізді

Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ ынтымақтастығы мәселелері бойынша кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды, түрлі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Теңіз және Қашаған кен орындарын қоса алғанда, негізгі бірлескен жобалардың ағымдағы мәртебесі мен іске асырылу барысына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйелерін одан әрі пайдалануға назар аударылды. Әсіресе, Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайта түсетін Теңіз кенішіндегі болашақ кеңейту жобасының іске қосылуы ерекше атап өтілді.

Премьер-министр тауарлар бойынша локализациялау деңгейі жеткіліксіз болып қалатын Теңіз жобасы шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті. 

Тараптар Қашаған кен орнын игеру кезеңдерін іске асыруды, оның ішінде өндіру көлемін ұлғайту және қуаттылығы жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отырған 2А кезеңін іске асыру дайындығын талқылады. 2Б кезеңін іске асыру бойынша жедел шешім қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Жалпы, жоба іске қосылған сәттен бастап кен орнында шамамен 906 млн баррель мұнай және 75 млрд м3 газ өндірілді, жалпы алынатын қорлары шамамен 15,885 баррель мұнай және 1,4 трлн м3 газды құрайды. 

Бұдан бөлек, қазақстандық мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдауда шешуші рөл атқаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Кездесу соңында тараптар серіктестікті нығайтуға және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған ашық және сындарлы диалогқа дайын екендіктерін жеткізді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі