Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Астанада бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Астанада бірқатар кездесулер өткізді
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Астанада бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Мочальниковпен, ҚХР Мемлекеттік энергетикалық басқарма басшысының орынбасары Вань Цзиньсунмен, ШЫҰ Бас хатшысышың орынбасары Сохаил Ханом және  Иран Ислам Республикасының Энергетика министрі Мехрабиан Али Акбармен жеке кездесулерін өткізді.

Келіссөздерде тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылды талқылады. Энергетика саласын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және қолдау мақсатында өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, өзара қызығушылық тудыратын екіжақты қатынастардың кең ауқымы, оның ішінде мұнай-газ саласы мен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, озық технологиялармен алмасу және инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ инновациялық шешімдерді енгізу және өндірістік процестерді жақсарту мәселелері қаралды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді