Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорымен кездесу өткізді

Роман Скляр «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс мырзамен кездесу өткізді. Оған ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Келіссөздер кезінде Қазақстан-Америка энергетикалық серіктестігінің флагманы саналатын Теңіз жобасына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Дерек Магнесс Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың арқасында Теңіз жобасы бойынша маңызды өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. «Шеврон» өкілі реттеуші ортаның болжамдылығын және мемлекеттік органдармен конструктивті іс-қимылды ерекше атап өтіп, бұл ұзақмерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Роман Скляр Теңіз кенішінде орын алған және өндірістің уақытша тоқтап қалуына әкеп соқтырған оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді.

«Шеврон» компаниясының басшылығы оқиғалардың салдарын жою және мұнай өндіруді кезең-кезеңімен арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ компания басшылығы болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу және нысандардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар жасалатынына сенім білдірді.

Бұдан бөлек, геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды. «Шеврон» компаниясы бірқатар геологиялық барлау жобасына қызығушылық танытатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамытуға бейілділіктерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша сындарлы диалогке дайын екендіктерін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті