Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде АҚШ Энергетика министрлігі мен АҚШ Елшілігінің өкілдері Дэвид Уилбор мен Гордон Тейттің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы стратегиялық басымдықтарын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов ірі мұнай-газ жобаларының ел экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. 

Мұнай-газ саласымен қатар көмір өнеркәсібі мен көмір химиясын дамыту мәселелері де жіті қаралды. Кездесу барысында көмірді өңдеудің заманауи технологияларын енгізу мүмкіндіктері, өндірістің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ көмір-химия жобалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы Strategic Energy Dialogue (SED) платформасының маңыздылығы атап өтілді. Аталған алаң сараптамалық ынтымақтастықты кеңейтуге, үздік тәжірибемен алмасуға және энергетикалық саясаттың басым бағыттары бойынша ортақ тәсілдер қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, стратегиялық диалогты дамытуға және Қазақстанның CERAWeek-ті қоса алғанда негізгі халықаралық салалық алаңдарға белсенді қатысуға өзара мүдделілігін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті