Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цифрлық жаңғырту: ЖИ еліміздің тау-кен өндіру кәсіпорындарына енгізілуде

Цифрлық жаңғырту: ЖИ еліміздің тау-кен өндіру кәсіпорындарына енгізілуде
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Елімізде өнеркәсіптегі цифрлық трансформация жаңа кезеңге өтті. Ірі кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріне жасанды интеллектінің кең мүмкіндіктерін енгізу бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасы аясында отандық 11 компания жасанды интеллектті қолдана отырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары қолға алынып жатқан цифрлық жаңғырту барысымен алтын өндіруші Solidcore Resources компаниясында осы бағытта атқарылған жұмыстар мысалында танысты. Компанияның елордадағы кеңсесіне жасалған сапар барысында мамандар енгізілген жасанды интеллект қызметінің тиімділігін және өндірісті одан әрі автоматтандыру жоспарларын зерделеді.

Жол картасы аясында Solidcore Resources кәсіпорындарында тау-кен саласындағы қауіпсіздік пен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған ЖИ-дің төрт элементін іске асыру көзделген.

Жобаның алғашқы кезеңі бойынша Абай облысындағы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнында автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі (АМТЖ) іске қосылды. Жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ауданы 100 шаршы метр болатын заманауи медициналық пункт салынды. Қазіргі уақытта қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық тексеру бірнеше минут ішінде жүргізіледі. Жасанды интеллект жүйесі адам факторын барынша азайтады. Егер қызметкерде қан қысымының жоғарылауы, қатты шаршау белгілері немесе масаңдық анықталса, оған қауіпті жұмыстар атқаруға автоматты түрде рұқсат етілмейді.

«Қауіптің алдын алу арқылы біз жұмысшыларымыздың өмірін сақтап қана қоймай, бюджет қаржысын да үнемдейміз. Яғни, қаражатты төтенше жағдайлардың салдарын жоюға емес, компанияның дамуына бағыттаймыз», – дейді Solidcore Resources кәсіпорнының өкілдері.

Қазіргі уақытта құрамына Қостанай облысындағы Варварин хабы мен Павлодар өңіріндегі Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты (ЕГМК) кіретін Solidcore Resources компаниясында жасанды интеллектке негізделген тағы екі жүйені іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Олар – жұмысшыны нүктелік және аймақтық позициялау жүйесі және оператордың цифрлық ассистенті. Бірінші жүйе әр қызметкердің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылап, қауіпті аймақтарда қатер туындаған жағдайда дереу ескерту жасауға мүмкіндік береді. Ал оператордың цифрлық ассистенті қызметкерлерге шешім қабылдау кезінде интеллектуалдық қолдау көрсетіп, технологиялық үдерістердің режимдерін оңтайландыруға және өндірістік апаттардың алдын алуға көмектеседі.

Жыл соңына дейін Solidcore Resources кәсіпорындарында флотация процесін бақылау және басқару жүйесі бойынша тағы бір жоба енгізіледі. Осы төртінші жоба бойынша пайдалы қазбаларды байыту үдерісін ЖИ бақылап отырады. Бұл металл және реагенттер шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

QazIndustry өкілдері жүзеге асырылып жатқан жасанды интеллект жобаларының тиімділігі жоғары екенін атап өтіп, кәсіпорынның цифрлық трансформациясы бойынша консультативтік және талдамалық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар кездесуге орталықтың Бизнесті ынталандыру дирекциясының мамандары да қатысып, кәсіпорындарға арналған мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында ұсынылатын қызметтерді таныстырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі