Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» тобы жасанды интеллект қолданылатын 62 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жобалардың негізгі мақсаты – жасанды интеллектті өндірістік процестерге енгізу. Жобалардың экономикалық әсері бес жыл ішінде $1,3 млрд-тан асады деп болжанып отыр.Қор компанияларында 2026 жылға жасанды интеллект енгізу есебінен EBITDA көрсеткішін 5%-ға арттыру бойынша KPI бекітілді. Алдағы екі жылда басқарушылық шешімдердің 70%-ы жасанды интеллектінің қатысуымен қабылданатын болады,— деп толықтырды Нұрлан Жақыпов.Мысалы «ҚазМұнайГаз» компаниясында ABAI жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында жасанды интеллект сумен толтыру мәселелерін шешіп, қосымша мұнай өндіру үшін қабаттардағы қысымды ұстап тұру бойынша ұсыныстар береді. Болжам бойынша, жобаның 2025–2030 жылдарыь экономикалық әсері шамамен 326 млрд теңге болады.
Сондай-ақ, мұнай өнімдерінің тапшылығы мен профицитін болжауға арналған жасанды интеллект моделі енгізілуде. Бұл шешім балансты дәл есептеуді және өңірлерге өнімді тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Шешімнен күтілетін экономикалық әсер – 22,5 млрд теңге.