Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Адылбек Қасымалиев цифрлық және ғарыш салаларындағы әріптестікті нығайтудың келешегін талқылады

Олжас Бектенов пен Адылбек Қасымалиев цифрлық және ғарыш салаларындағы әріптестікті нығайтудың келешегін талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына және ҚР Цифрлық үкіметі кеңсесіне барды. Қазақстандық мамандардың ғарыш саласындағы жетістіктері мен әзірлеген цифрлық шешімдері таныстырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ғарыш орталығының аумағында қазақстандық тарап жерді қашықтан зондтау және ғарыш мониторингі саласындағы отандық ғалымдардың әзірлемелерін ұсынды. Табиғи ресурстарды басқару, агроөнеркәсіп кешендердің жай-күйін бақылау, төтенше жағдайларға ден қою және рұқсат етілмеген полигондарды анықтау мақсатында аталған технологияларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Цифрлық кеңседе қырғыз делегациясына мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және озық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған бастамалар таныстырылды. Мәселен, «Әлеуметтік әмиян» жобасы азаматтардың жекелеген санаттарына проактивті форматта атаулы мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі туралы мәліметтер «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жинақталады. Сараптама аймақтық деңгейде жүргізіледі, бұл әр сала үшін нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда жүйеде 6 млн-нан астам қазақстандық отбасы цифрландырылды, олардың әл-ауқатын талдау 100-ден астам көрсеткіш негізінде жүргізілуде.

Мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллектті пайдалану бойынша тәжірибе алмасылды. eOtinish азаматтар мен бизнестің өтініштерін қабылдау, өңдеу және талдаудың бірыңғай платформасы, eNotary нотариаттық ақпараттық жүйесі, сондай-ақ әзірлеушілер мен мемлекеттік органдарға ЖИ шешімдерін негізгі салаларға біріктіруге мүмкіндік беретін Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды.

Үдерістерді автоматтандыруға және мемлекеттік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін инновациялық бастамаларды іске асыру тәжірибесі атап өтілді. Қазіргі уақытта eGov электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны – 10 млн-ға жетті. Сервис арқылы азаматтарға 1 мыңға жуық қызмет түрі қолжетімді, олар арқылы 72 млн қызмет көрсетілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты