Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстандық IT-мамандармен әлеуметтік саладағы және өнеркәсіптегі стартаптарды талқылады

Олжас Бектенов Қазақстандық IT-мамандармен әлеуметтік саладағы және өнеркәсіптегі стартаптарды талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандық IT-компаниялардың өкілдерімен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, спорт және өнеркәсіп салаларындағы ЖИ-стартаптарды қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандық  Paradigm Shift (CodiPlay) компаниясының өкілдері жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді:

  • AI Kitap  – бұл мектеп пәндері бойынша әр оқушының деңгейіне қарай оқу материалын лайықтауға арналған, прогреске талдау жасайтын және білімдегі олқылықтарды анықтайтын  цифрлық оқулық. Оның жұмыс нұсқасы әзірленді, AI Kitap AITU-мен интеграциялануда.
  • OlympIQ – спортты дамытуға арналған технологиялық платформа. Жүйе аналитикалық, операциялық, медициналық және ұйымдастырушылық деректерді жасанды интеллект арқылы өңдеуге мүмкіндік береді. Оның жол картасы әзірленді, прототиптердің алғашқы нұсқалары дайындалды.

Премьер-министрге AI Kitap және OlympIQ жобаларын пилоттық режимде енгізу қарастырылатын мектептер мен спорт федерацияларының тізбесі жасалғаны туралы хабарланды.

«Жасанды интеллект технологияларын дамыту – Үкіметтің басты міндеті. Біз отандық компаниялардың өнімдерін жан-жақты қолдауға дайынбыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кездесуде компанияның өндірістік үдерістерді оңтайландыруға, энергетика және көлік салаларының тиімділігін арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға және тәуекелдерді басқаруға көмектесетін технологияларды жасап шығару бастамалары қаралды. Оның өнімдеріне маңызды салаларға енгізілген деректерді талдау, болжау және автоматтандырудың интеллектуалды жүйелері кіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға IT-мамандардың айтқан ұсыныстарын қарастыру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті