Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай корпоративтік ЖИ экожүйесін дамытуда

«Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай корпоративтік ЖИ экожүйесін дамытуда
Фото: primeminister.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында цифрлық шешімдерді енгізу және қор жұмысында жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kzтілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма төрағасы 2025 жылы Самрұқ-Қазына тобы бойынша бірыңғай ІТ-стандарт бекітілгенін атап өтті. Ол цифрлық шешімдер архитектурасына және жасанды интеллект технологияларын қолдануға қойылатын талаптарды айқындайды.

Қор компанияларының өндірістік процестеріне жасанды интеллект шешімдерін енгізу бойынша Жол картасы қабылданды.

Цифрлық даму деңгейін арттыру мақсатында / бағалау методикасы бекітілді. Қор тобында 239 мың қызметкер / жасанды интеллект негіздері бойынша білім алды,— деді Нұрлан Жақыпов.

Ол сондай-ақ Қор SKAI – Samruk-Kazyna Artificial Intelligence атты бірыңғай корпоративтік жасанды интеллект экожүйесін дамытып жатқанын айтты.

SKAI модульдерінің бірі – SKAI Data платформасы. Ол өндірістік және қаржылық көрсеткіштермен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл платформаға ҚазМұнайГаз, QazaqGaz, KEGOC, Самрық-Энерго қосылған. Ал 2026 жылы қордың қалған компанияларын қосу жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті