Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфон ұстауға толық тыйым салынады

Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфон ұстауға толық тыйым салынады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу жоспарланып отыр. Тиісті түзету педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір әр мектептің әкімшілігі оқушыларға смартфонды қай жағдайда қолдануға болатынын өз бетінше айқындай алады. Заң жүзіндегі тыйым тек сабақ кезінде қолданылады, ал үзіліс кезінде оқушыларға смартфон пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, егер телефон оқу мақсатында қажет болса, оны мұғалімнің шешімімен қолдануға болады.

Алайда заң жобасының салыстырмалы кестесіне сәйкес, бұл норманы алып тастау және оқушылардың гаджеттерді пайдалануына рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білім беру саласындағы уәкілетті органға беру ұсынылып отыр. Болжам бойынша, бұл - Оқу-ағарту министрлігі немесе аумақтық білім басқармалары болуы мүмкін.

Депутаттар оқушылардың құқығы мен міндеттеріне қатысты 47-баптың мынадай жаңа редакциясын ұсынып отыр:

"Орта білім беру ұйымдарында оқу процесі кезінде оқушыларға ұялы телефонды (смартфонды) қолдануға болмайды. Тек білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы ережеде көрсетілген ерекше жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі".

Негіздемеде смартфондарды пайдалануға тыйымды тек оқу кезінде емес, үзіліс уақытында да енгізу кибербуллинг пен деструктив контенттің қаупін азайтуға, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, оқушылар арасындағы тірі қарым-қатынасты және әлеуметтенуді арттыруға, сондай-ақ, салауатты білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылған.

Еске салайық, мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфон пайдалануға заңнамалық тыйым 2024 жылдың басында енгізілген болатын. Қазір сабақ барысында смартфон қолдануға болмайды, ал үзіліс кезінде оқушылар гаджеттерді қайта пайдалана алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті