Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі планшеттер оқулықтарды алмастырмайтынын хабарлады

Планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл – оқудың қосымша ресурсы болады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, оқушыларға берілетін электронды планшеттер оқушылардың оқуына қосымша мүмкіндіктер береді, сондай-ақ мектеп рюкзактарының салмағына қатысты мәселені шешуге көмектеседі. Дегенмен планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, ол қосымша құрал ғана болады.

"Балаларға электронды күнделіктер, оқулықтар мен цифрлы білім беру ресурстары орнатылатын планшеттермен қатар бұрынғыдай басып шығарылған оқулықтар да беріледі. Осылайша, балалар цифрлы сабақтарға, жаттығуларға және тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады. Сонымен қатар мектепте баспа оқулықтарын қолдануға, кейін оларды сол жерде қалдыруға және үй тапсырмаларын орындап, қосымша білім алу үшін электронды құрылғыларды қолдануға мүмкіндік алады. Егер оқушы планшетті пайдаланғысы келмесе, онда одан бас тартуына және тек дәстүрлі оқулықтарды пайдалануына құқы бар", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері.
 
Ведомствоның атап өтуінше, интернеті нашар өңірлер үшін жүктелген цифрлы сабақтарды, тапсырмаларды, білім беру ресурстары және оқулықтарды офлайн пайдалану мүмкіндігі болады.

"ЦДИАӨМ-мен бірлесіп оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Егер қандай да бір себептермен бала планшеттерді қолданғысы келмесе, онда ол әдеттегідей дәстүрлі оқулықтарды және стационарлық құрылғылардан білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Яғни планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл – оқудың қосымша ресурсы. Таңдау ата-аналар мен оқушылардың еншісінде болады", – дейді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты