Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде оқушылардың мектеп формасының бірнеше нұсқасы болады

Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі келесі жылдан бастап оқушылар үшін мектеп формасының нұсқаларын түрлендіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды, деп жазады kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, оқушыларға пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасын түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған жемпірге/кардигандарға ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға болады. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі қажет. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің қолданыстағы бұйрыққа енгізуді ұсынып отырған толықтырулардың арқасында жүзеге асырылмақшы.

"Жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Бұл жерде әңгіме тізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беру жайында болып отыр. Бұған дейін ата-аналар бұл мүмкіндіктің балалар үшін ыңғайлы екенін айтып, қарастыруды сұраған болатын. Өйткені, сабақ кезінде ресми костюм кию балалардың барлығына бірдей қолайлы емес. Сол себепті балама ретінде ыңғайлырақ киіммен келуге рұқсат беру ұсынылып отыр. Мысалы, ресми пиджак немесе жакет орнына тоқылған күрте/кардиган және күнделікті жейде орнына поло жейде. Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды. Бұл толықтырулар келесі жылы мектептерде шешім қабылдауға жеткілікті уақыт болуы үшін алдын ала басталып отыр. Бірақ бұл мектептер бекітілген талаптарды міндетті түрде қайта қарауы керек дегенді білдірмейді. Бұл қажет болған жағдайда пайдалануға болатын қосымша мүмкіндік пен нұсқа ғана", – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Райынбекқызы.
 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді