Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы мектептегі қауіпсіздік ережелері өзгертіледі

Қазақстандағы мектептегі қауіпсіздік ережелері өзгертіледі
Фото: tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты бұйрықты көпшіліктің талқылауына шығарды. Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланды. Онда енді оқушы мектептен тыс жерлерде жүрсе, жауапкершілік ата-ана мен өзге де заңды өкілдерге жүктелетіні айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі", - делінген өзгерісте.

Сонымен қатар, оқушы сабақ үстінде тәртіпсіздік жасаса, оны сыныптан шығарып жіберуге рұқсат етілмейтіні айтылған. Яғни білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді.

Айта кетейік, бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, 28 наурызға дейін көпшіліктің жария талқылауында болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады