Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алмасхан Сматлаев: Алматы жекелеген жұмыстардан кешенді шешімдерге көшті

Алмасхан Сматлаев: Алматы жекелеген жұмыстардан кешенді шешімдерге көшті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев көркейту жұмыстары кезіндегі уақытша шектеулердің себептері мен қаланың кешенді көріктендіру форматына көшуі туралы айтты. Ол «Біз – Алматы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына тоқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қалалық ортаны жаңғырту – жекелеген учаскелерді ретке келтіру немесе үстірт жөндеу емес. Бұл көшелерді, қоғамдық кеңістіктерді және инженерлік инфрақұрылымды қатар қамтитын ауқымды жұмыс.

«Қаладағы кез келген ірі өзгеріс уақытша қолайсыздықсыз болмайды. Бұл сапалы әрі ұзақ мерзімді нәтижеге жету үшін қажетті кезең», – деді ол.

Бағдарлама тұтас көзқарас қағидатына негізделген. Яғни, бір аумақта бір мезетте кеңістіктің қолайлылығы, қауіпсіздігі, қозғалысқа ыңғайлылығы және көгалдандыру мәселесі қатар шешіледі. Мұндай тәсіл бөлшектенген шешімдер мен бір жерді қайта-қайта жөндеудің алдын алады.

Алмасхан Сматлаев қала саналы түрде жекелеген көріктендіруден бас тартып, ұзақ мерзімге бағытталған жүйелі шешімдерге көшкенін атап өтті.

«Біз бытыраңқы жобалар тәжірибесінен бас тарттық. Ендігі міндет – қалалық ортаның бірыңғай стандарттарын бірден қалыптастыру. Бұл өзгерістің ұзақ жыл бойы тиімді қызмет етуіне мүмкіндік береді», – деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, жобаларды жоспарлау барысында көлік ағыны, құрылыс тығыздығы және маңайдағы тұрғындардың мүддесі ескерілетіні айтылды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, мерзімі мен сапасына салалық басқармалар мен аудан әкімдіктері тұрақты бақылау жасайды.

Әкім орынбасары үшін жобаларды жүзеге асырумен қатар, жүргізіліп жатқан өзгерістердің тұрғындарға түсінікті болуы да маңызды екенін жеткізді.

«Біздің мақсат – сыртқы әсер ғана емес, күнделікті өмірді шын мәнінде жақсартатын, қолайлы әрі болжамды қалалық орта қалыптастыру», – деп сөзін түйіндеді Алмасхан Сматлаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті