Алматыда III Халықаралық Green Spaces Conference & Expo 2025 конференциясы мен көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға министрліктердің, әкімдіктердің, мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ, отандық және шетелдік сарапшылардан құралған 2 мыңнан астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спикерлер арасында Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сәулетшілер, урбанистер және тәлімбақтардың басшылары бар.
Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, Алматы елдегі ең жасыл қалалардың бірі мәртебесін сақтап келеді.
Әкімнің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысына да тоқталды.
Оның айтуынша, биыл көктемде Алматыда 2 мыңнан астам осындай ағаш отырғызылған, ал күзде тағы 13 мың ағаш егу көзделіп отыр. Бұл көшеттердің барлығы Бас ботаникалық бақ пен Аграрлық университет мамандарының кеңесімен таңдалған.
2025 жылы қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жоспары бекітіліп, онда сапалы түрде көгалдандыруға баса назар аударылған.
Халықаралық көрме 2 мың шаршы метр аумақта өтіп жатыр. Онда абаттандырудың, тәлімбақтардың және көгалдандырудың заманауи тәсілдері көрсетіліп, Қазақстан мен шетелден келген өкілдер бас қосты.