Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзгі-қысқы маусымда қаланың тұрақты жұмысын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алмасхан Сматлаев өзгермелі климат жағдайында қауіп-қатерді уақытылы анықтап, оны азайтудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтық қорғау қызметтері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының айқын болуы қажеттігін жеткізді.

Алматы қаласы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов қысқы кезеңге дайындық, су тасқыны мен көшкін қаупінің алдын алу шаралары, шомылу маусымының қорытындылары, өрт қауіпсіздігі, жалпықалалық сейсмикалық дайындық, сондай-ақ улы заттар сақталатын нысандардағы қауіпсіздік мәселесі туралы баяндады.

Отырыс соңында мемлекеттік органдарға қала тұрғындарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырма берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады