Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің Алқа отырысын өткізді

Қанат Бозымбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің Алқа отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінде 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар айқындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 53 инфрақұрылымдық жоба аяқталды. Оның ішінде 677 км ирригациялық жүйелерді салу, реконструкциялау және тазалау, 4 су қоймасын қайта жаңғырту, 15 топтық су құбырын салу және жаңғырту, сондай-ақ 3 гидротехникалық нысанды реконструкциялау жұмыстары бар.

2025 жылы жаңа Су кодексі күшіне енді. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен 46 жоба аяқталып, 502 км канал реконструкцияланды. Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан 9 жоба аясында жоспарланған 635 км каналдың шамамен 600 км-і қайта жаңғыртылды.

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізінің климаттық тұрақтылығын арттыруға бағытталған жоба әзірленді. Бұл жоба Арал–Сырдария бассейнінің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.

2026 жылы Ислам даму банкінің қолдауымен елдің оңтүстігінде 103 каналды цифрландыру жұмыстары басталады. Сонымен қатар суару суын беру бойынша электронды келісімшарттар жасасуға арналған биллинг жүйесі пилоттық режимде енгізілуде.

«Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл экономиканың негізгі салаларында цифрлық трансформацияны жеделдету қажеттігін тағы да айқындайды. Осыған байланысты жоспарлаудан нақты іске көшу, қарқынды арттыру, табысты пилоттық шешімдерді кеңейту және биыл Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін пайдалануға енгізу қажет. Кемінде 3,5 мың км канал цифрландырылуы тиіс, ал 2028 жылға дейін барлық каналдар толық цифрлық форматқа көшірілуі керек», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Қазіргі таңда ел бойынша 277 елді мекен немесе 514 мың адам орталықтандырылған сумен қамтылған, оның ішінде бұрын ауыз суға қол жеткізе алмаған 73 елді мекен бар.

Өткен жылы жоспарланған 9 жобаның орнына 15 топтық су құбырын реконструкциялау және жаңғырту жобасы аяқталды. 2026 жылы тағы 12 жобаны аяқтау көзделіп отыр, бұл шамамен 540 мың халқы бар 142 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Елде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер аясында Конституцияның жаңа редакциясы ерекше маңызға ие. Су саласы қызметкерлері үшін бұл өзгерістер су ресурстарын басқаруды жетілдіруге, қоршаған ортаны қорғауға және халық пен экономиканы тұрақты сумен қамтамасыз етуге берік құқықтық негіз қалыптастырады. Біздің негізгі стратегиялық міндетіміз – елдің ұзақ мерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді, тұрақты әрі бейімделгіш су ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер Министрлік басшылығына талқылау барысында көтерілген барлық мәселелер мен проблемалық бағыттарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Оның ішінде заңсыз су айналымымен күрес, су үнемдеу технологияларын енгізу және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту шаралары бар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті