Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өңір әкімдіктері халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде есеп берді

Өңір әкімдіктері халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде есеп берді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының халықты 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру, сондай-ақ топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, сондай-ақ облыс әкімдіктерінің басшылары қатысты.

Биыл топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобаларын жүзеге асыруға 70,2 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 47,5 млрд теңге Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Су ресурстары және ирригация министрлігі тапсырыс беруші ретінде 20 жобаны жүзеге асырып жатыр, жыл соңына дейін соның 8-ін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 149 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жақсарып, 4 ауыл (1,5 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз суға қосылады.

Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарында алты жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы халық саны 40 мыңнан асатын 49 ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Су ресурстары және ирригация министрлігі барлық жоспарланған жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды көздеп отыр.

Қанат Бозымбаев топтық су құбырлары бірқатар өңірлерде ауыз судың негізгі көзі болып табылатынын атап өтіп, олардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын жеделдету қажеттігін жеткізді.

Кеңесте өңірлердің есептері тыңдалды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін өңірлерге екі траншпен 161 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта ел бойынша 269 жоба жүзеге асырылып жатыр, алайда олардың бір бөлігі небәрі 50%-ға ғана орындалған.

Абай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында жұмыстардың кешіктіріліп, уақытылы аяқталмау қаупі бар өңірлер ретінде аталды. Алматыда қаржының игерілмеуі және жобаларды баяу жүзеге асыру байқалуда, ал Абай облысында оның ішінде үшеуі Семейде болатын жеті жоба бойынша жұмыстар басталмаған.

«Қыс басталғанға дейін екі ай уақыт қалды. Келер жылға өтетін жоба болмауы тиіс. Биыл аяқталуы жоспарланған барлық нысандар уақытында тапсырылуы керек. Сумен қамтамасыз ету мәселесі – менің жеке бақылауымда», — деп атап өтті вице-премьер.

Кеңес қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев Өндіріс және құрылыс министрлігіне, Су ресурстары және ирригация министрлігіне жергілікті жерлерде жұмыстың барысына тұрақты мониторинг ұйымдастыруды, ал әкімдіктерге жергілікті бюджет есебінен қажетті қаражат бөлуді және биыл пайдалануға берілуі тиіс барлық нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті