Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің 2025 жылға арналған жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің саланы дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр 2025 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылып жатқанын, 300-ге жуық нысан үшін жобалау-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы мен Абай облысындағы Шар су қоймасын реконструкциялау, сонымен қатар Астана қаласының негізгі ауыз су көзі болып саналатын Астана су қоймасын ауқымды тазартудың бірінші кезеңі аяқталды.

«Биыл Қапшағай су қоймасын реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталады. 2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы аяқталып, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жалғасын тапты», — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беруге дайындалуда, деді Нұржан Нұржігітов баспасөз мәслихатында.

«Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда», —  деді Нұржан Нұржігітов.

Өткен жылы 6 облыста 8 топтық су құбырын реконструкциялау және салу аяқталғаны, бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекенді сумен жабдықтау жүйесін едәуір жақсартты.

Соңғы екі жылда Үкімет суару каналдарын механикалық тәсілмен тазарту жұмыстарын жандандырды. 

Министр 2024 жылға дейін бұл жұмыстар төмен қарқынмен жүргізілсе (2023 жылы – 678 шақырым), ал соңғы екі жылда тазалау көлемі айтарлықтай өсіп, жылына орта есеппен 1,5 мың шақырымды құрағанын (2024 жылы – 1 147,6 шақырым, 2025 жылы – 2 011 шақырым), бұл алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда жұмыс қарқынының бірнеше есе артқанын атап өтті.

Сонымен қатар 2025 жылы жөндеу және реконструкциядан өткен 700 шақырымнан астам ирригация желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ислам даму банкінің несиесінің бірінші траншы есебінен 2026 жылы Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында екі су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баспасөз мәслихатында оңтүстіктегі бес облыста жалпы ұзындығы 986 шақырымды құрайтын 103 каналға арналған 96 жобаны реконструкциялау және автоматтандыру жұмыстары басталатынын атап өтті.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Шу өзеніндегі Фурманов айналма каналында соңғы 40 жылда алғаш рет механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Министр аталған жұмыстар Түркістан облысының Созақ ауданын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға, экологиялық су жіберу тиімділігін арттыруға және өңірдің экологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар Түркістан облысында «Қарақуыс» және «Бәйдібек-ата» су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Нысандарды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұл қосымша шамамен 69 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

«Қазсушар» компаниясы «Көксарай» қарсы реттегішіне жөндеу жұмыстарын аяқталды, бұл нысанның су жинақтау көлемін 2 млрд текше метрге дейін арттырады.

Соңғы екі жыл ішінде су шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 579 млрд теңгені құрады. 

Спикер атап өткендей, қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестермен 7 келісімге және 30-дан астам өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қол қойылған меморандумдардың ішінде қытайлық серіктестермен Жамбыл облысында смарт-технологиялар шығаратын зауыт салу бойынша $20 млн ынтымақтастық ниетін, сондай-ақ Азия даму банкімен Есіл қарсы реттегіші құрылысына қаржы бөлу туралы меморандумды ерекше атап өтуге болады. Аталған нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су басу қаупінен сақтайды», — деп толықтырды сөзін Нұржан Нұржігітов.  

Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 11,1 км³ су пайдаланылды, оның 9,4 км³ «Қазсушар» РМК филиалдары арқылы қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Ол ауыл шаруашылығы құрылымында бұл су көлемдері саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесті 30%-ға дейін қамтамасыз еткенін атап өтті.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Жоспарға құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен республикалық ведомствоаралық жұмыс тобын құру қарастырылған. Бұл шара су ұрлығы мен заңсыз су пайдалану мәселелеріне тиімді қарсы күрес жүргізуге бағытталған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2025 жылғы вегетация кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда анықталған құқық бұзушылықтар саны 221-ден 526-ға дейін өсіп, салынған айыппұлдар саны 501-ден 801-ге жеткен, ал айыппұлдардың жалпы сомасы 41,2 млн теңгеден 146,7 млн теңгеге дейін артқанын мәлімдеді.

2023 жылға дейін су үнемдеу технологиялары енгізілген аудандардың көлемі жыл сайын орта есеппен 30 мың гектарды құрады. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш бірнеше есеге артып, орта есеппен 150 мың гектарға жетті. Су үнемдеу технологиялары қолданылатын егістік алқаптарының жалпы көлемі 543,5 мың гектарға өскенін, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтілді.

Осы мақсаттарға жету үшін 2026-2028 жылдарға республикалық бюджетте 228 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп. 

Жаңа Су кодексінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың суды қайта пайдалану және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу талаптары бекітілген. Бұл мақсатқа 7 жыл мерзім белгіленді, оның ішінде 2 жыл – өтпелі кезеңге, 5 жыл — жоспарларды жүзеге асыруға арналған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында атап өткендей, бұл шешім 2030 жылға қарай суды қайта және айналымды пайдалану үлесін 13%-дан 28%-ға дейін, яғни екі еседен астамға арттыруға мүмкіндік береді.

Заңда белгіленген шараларды орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген. Ондай жағдайда су пайдалану лимиттері 20%-ға дейін қысқартылуы мүмкін.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК филиалдары үшін 757 арнайы техника мен автокөлік сатып алу жұмысын бастады. Бүгінге дейін жоспарланған 757 техниканың 576-сы алынды. 

Сонымен қатар 2028 жылға дейінгі Жол картасы аясында Қ. Сәтпаев атындағы каналды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары басталды. Жұмыстарға 17 трансформаторды сатып алу, сондай-ақ 19 сорғы агрегатын жаңғырту және жөндеу кіреді.

Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Нәтижесінде, 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты.

Нұржан Нұржігітов қазіргі таңда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы екі есе өсіп, 300 мың теңгені құрап отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, төменгі буын қызметкерлерінің орташа жалақысы 92 мың теңгеден 185 мың теңгеге дейін өскен.

Сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсарту шаралары аясында, биылдан бастап «Қазсушар» РМК-нің 425 маусымдық қызметкері тұрақты қызмет орындарына ауыстырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті