Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев German Water Partnership басшылығымен кездесу өткізді

Қанат Бозымбаев German Water Partnership басшылығымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Германияның German Water Partnership (GWP) қауымдастығымен Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұған  вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP басшылығы арасында осыдан бір жыл бұрын Германияда өткен келіссөздер бастама болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

German Water Partnership – Германияның су саласындағы халықаралық қауымдастығы. Ол су ресурстары саласындағы 300-ден астам ұйымды біріктіреді. Қауымдастық мүшелерінің қатарында университет деңгейіндегі институттар, құрылыс компаниялары, консультанттар мен әлемге танымал өндірушілер бар.

Келісім Қазақстанға су үнемдеу технологияларын енгізу, инновациялық шешімдерді пайдалану, климаттық қатерлерге, су тасқыны мен қуаңшылыққа қарсы төзімділікті арттыру, сондай-ақ мамандарды оқыту және даярлау кезінде үздік халықаралық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Германия тәжірибесі су ресурстарын болжау, модельдеу және есепке алу бойынша цифрлық жобаларды жүзеге асыруда қолданылып келеді. Неміс технологиялары гидротехникалық нысандардың құрылысы кезінде де пайдаланылуда.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP атқарушы директоры Борис Грайфендер ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездесуде German Water Partnership-тің қолдауымен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы базасында Қазақстан-Германия су инновациялық хабын құру ұсынылды.

Келісімге қол қойылған соң тараптар құжат жаңа бірлескен қазақстандық-германдық жобаларды дамытуға берік негіз болатынына сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді