Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделеді

Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделеді
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Ведомство басшысы онлайн форматта қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғындары Д. Алтынбеков атындағы каналды бетондау жұмыстары мен жергілікті «Қазсушар» өндірістік учаскесіне қосымша техника бөлу мәселесін көтерді. Нұржан Нұржігітов күзде Ислам даму банкінің қолдауымен арнаны және өңірдегі басқа да су шаруашылығы объектілерін қайта жаңарту басталатынын айтты.

«Түркістан облысында жалпы саны 100-ден астам арнаны жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар «Қазсушар» кәсіпорнын жаңа техникамен жарақтандыру мәселесі де шешіліп жатыр. Жалпы алғанда 757 техника сатып алынады, қазірдің өзінде оның 300-ден астамы алынды. «Қазсушардың» Түркістан облыстық филиалы 135 техника алады»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алматы облысы Үңгіртас ауылдық округінің диқандары жергілікті су қоймаларынан ауыл шаруашылығы алқаптарына су жеткізетін ирригациялық арналарды тазалау және жөндеу мәселесі бойынша жүгінді. Нұржан Нұржігітов ведомство Алматы облысы Су ресурстары және ирригация басқармасының «Алматыоблсушар»кәсіпорнымен бірлесіп осы мәселені шешу жолдарын қарастыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғындары сыйымдылығы 1,2 млн текше метр болатын «Үлкен Ақсу» су қоймасын күрделі жөндеуге қатысты өтініш білдірді. Министр Ислам даму банкінің көмегімен ауданның су шаруашылығы құрылыстарына жөндеу жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындады. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы басталады деп күтіліп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады