Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері АЛЖИР тұтқындарын еске алды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ осы аптаны «Тағылымға толы тарих» ұранымен өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар мен акциялар өткізіп, жастардың патриоттық бағытта тәлім-тәрбие алуына атсалысуда.

«Тағылымға толы тарих». Осындай атпен аталмыш аптаны бастаған «Жас Сарбаз» қозғалысы өз қатарындағы тәрбиеленушілерді «АЛЖИР» мемориалды кешеніне саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында алып барды.

«Бүгінгі іс-шарадан өте қатты әсер алдым. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп, кейінгі ұрпақ алаңсыз өмір сүру үшін атқарған еңбектері, ерліктері жаныма қатты әсер етті. Музей қызметкерінің бізге айтқан әңгімелері тарихи оқиғаларды жете түсінуге септігін тигізді. Іштегі патриоттық сезім ұлғая түсті», – деді «Жас Сарбаз» тәрбиеленушісі Нұрасыл.

Алдағы күндері жассарбаздықтар Тұңғыш Президент мұражайына барады.

Айта кету керек, «Жас сарбаз» қозғалысы Елбасының бастамасымен 2018 жылы құрылған. Оның қатысушылары жастарға, оқушылар мен студенттерге әскери-патриоттық тәрбие берумен айналысады. «Жас Сарбаз» қызметінің арқасында биыл Нұр-Сұлтандағы әскери-патриоттық клубтардың саны 150-ге дейін өсіп, 6000-ға жуық бала қамтылды.

Жыл сайын қозғалыс әскери-қолданбалы спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізеді.

«Ұйымымыздың құрылғанына небәрі үш жыл болса да тәрбиеленушілеріміз көптеген акцияларға, сенбіліктерге, ағаш отырғызуға белсенді қатысып келеді. Бұл жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғандықтан, біз тағы бір жобаны – «Тәуелсіздік тірегін» іске асыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы барлық іс-шаралар осы жоба аясында өткізіледі», – деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды