Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда бейімді спортты дамытуға талпынып жатыр

Алматыда бейімді спортты дамытуға талпынып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы бейімді спортты дамыту мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда бейімді спорт «Алматы» спорт клубының базасында дамып жатыр. Бұл қаладағы осындай жалғыз мемлекеттік мамандандырылған клуб. Қазір мұнда денсаулығында кінәраты бар 756 спортшы жаттығады екен.

8 бөлімше жұмыс істейтін клубта паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, ұлттық және инклюзивті бағыттарды қоса алғанда, спорттың 23 түрі бар. Барлығын білікті мамандар жаттықтырады, сабақтары да тегін өтеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Алматы» клубының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Оларға 438 спорттық атақ беріліп, әртүрлі деңгейдегі 48 жарыста 462 медаль жеңіп алған. Жалпы медаль қоржынында 180 алтын, 142 күміс пен 140 қола жүлде бар. Бұл жүйелі жұмыстың арқасы.

Маңызды оқиғаның бірі – клубтың 12 өкілінің Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысуы болды. Бұл жарыста алматылық спортшылар 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алып, қаламыз бен елімізді халықаралық аренада әлемге әйгілеп, лайықты түрде танытып қайтты.

Алматыда бейімді спортты одан әрі дамыту мақсатында Алматы қаласының әкімінің тапсырмасымен Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында инклюзивті спорт орталығы да салына бастады. 21 спорт түріне арналған Спорт кешені бір ауысымда 100 адамға дейін қабылдайды.

Жобаның жүзеге асуы паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және инклюзивті спортпен айналысу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, барлық санаттағы спортшыларға жағдай жасап, тең мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2017 жылдан бері Алматыда аутизмнің белгісі бар балаларға арналған тау шаңғысымен бейімді сырғанау жобасы да жүзеге асып келе жатқаны айтылды. Бұл жоба қазір тұрақты сұранысқа ие болып отыр.

Сабақтар балалардың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әлеуметтену дағдыларын және өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектесіп, олардың жан-жақты дамуы үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырады.

Сөз соңында Дархан Нұрханұлы бейімді спортты дамыту Алматының инклюзивті және қолжетімді спорттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған спорт саясатындағы басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті