Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда өткен «Жігер» фестивалі ерекше қажеттілігі бар 1 мыңнан астам қатысушының басын қосты

Алматыда өткен «Жігер» фестивалі ерекше қажеттілігі бар 1 мыңнан астам қатысушының басын қосты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Sadu Arena» спорт кешенінде қала әкімдігінің қолдауымен ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға арналған «Жігер» спорт фестивалі өтті. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - бұқаралық спортты дамытуға қолдау көрсетуге, инклюзия мәдениетін нығайту мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қаланың белсенді спорттық өміріне тарту.

Фестиваль аясында шағын футбол (ЦП), армрестлинг, жүгіру, жүзу, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша жарыс өтті.

Биыл іс-шараға 1000-нан астам адам қатысты. Олар қаланың түрлі ауданынан келген спортшылар, сондай-ақ, қоғамдық және спорт ұйымдарының өкілдері де болды.

«Жігер» фестивалі спортта шекара жоқ екенін, оның адамдарды физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан біріктіре алатынын көрсетеді. Мұндай іс-шаралар инклюзия рухын күшейтіп, әр адам қолдау мен сенімділікті сезінетін орта қалыптастырады», — деді Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді