Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстанның облыстық бюджетінен "ArtSport" бағдарламасына 960 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Шығыс Қазақстанның облыстық бюджетінен
Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Шығыс Қазақстан облысында ArtSport бағдарламасына 960 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. 2023 жылға мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін Шығыс Қазақстанның облыстық бюджетінен 963,4 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.

"Платформада artsport.edu.kz мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру шеңберінде 155 спорт үйірмесінде 4 240 баланы қамти отырып, спорттың 18 түрі бойынша 31 өнім беруші қызметін жүзеге асырады. Бұдан басқа, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2022 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықты 288,6 мың адамға дейін қамтуды қамтамасыз етті. Балалардың бұқаралық спортты дамыту үшін қосымша спорт секциялары ашылады. 2021-2022 жылдары бұқаралық спорт түрлері бойынша қосымша 1 505 тегін спорт секциясы ашылды, ал өткен жылы 38 спорт нысаны пайдалануға берілді", - деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жандос Сайханов.

Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар жандарға да  жіті көңіл бөлінбек.

"Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмыс істейді. Клуб өз қызметін бірнеше бағытта жүзеге асырады – бұл Паралимпиадалық және сурдолимпиадалық қозғалыстар, спешиал олимпикс және иппотерапия. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық құрамасында Шығыс Қазақстаннан ерекше қажеттіліктері бар 42 спортшы бар", - деді Ж.Сайханов.

Биылғы жыл аймақ спортшылары үшін жемісті басталды. 2023 жылдың 3 айында Шығыс Қазақстан спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша 1880 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 642 - алтын, 647-күміс, 591 - қола медальдар.

"2023 жылғы 31 қаңтар мен 8 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының  жастар арасында 4 қысқы  спорт ойындары өтті. Жарысқа 11 қысқы спорт түрі бойынша 18 облыстан келген спортшылар қатысты. Жалпы командалық есепте ШҚО командасы 536 ұпаймен 2 орын алды. Сондай - ақ биыл өңірдің 300 спортшысы 35 Халықаралық турнирге және 150-ден астам спортшы түрлі спорт түрлерінен әлем және Азия ресми чемпионаттарына қатысады деп жоспарлануда", - деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, биылғы жылы Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде 4 спортшы чемпион болса, Азия чемпионаттарында 7 алтын медаль, ал 6 спортшы Азия жүлдегерлері атанды.

"Биыл АҚШ-та Лейк-Плэсид қаласында 31-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтті. Жарысқа әлемнің 43 елінен 1443 спортшы қатысты. ҚР Ұлттық құрамасының құрамына біздің облыстың спортшысы Сергей Ткаченко қатысып, шаңғымен трамплиннен секіруден күміс медаль жеңіп алды. Ал келесі жылы жазда Парижде 33-ші жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Бүгінгі таңда облыстан 8 спорт түрінен 19 спортшы үміткер болып табылады", - деді спикер.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты