Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция киберқылмыстың алдын алу шараларын күшейтті

Елордада полиция киберқылмыстың алдын алу шараларын күшейтті
Фото: polisia.kz

Елордада полиция киберқылмыстың алдын алу шараларын күшейтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда жарияланған цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елордада киберқылмыстың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Елорда полициясы интернет-алаяқтықтың және цифрлық қылмыстардың өзге де түрлерінің алдын алу бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда. Бұл мақсатта ақпараттық кездесулер, дәрістер мен профилактикалық акциялар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осындай кезекті іс-шара Астана қаласындағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің оқушыларының ата-аналарымен кездесу болды. Дәріс "Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау және цифрлық кеңістікте өзіңізді әрі балаларыңызды қорғау жолдары" тақырыбында өтті. Мұндай кездесулердің маңызы зор, себебі олар азаматтарды алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері туралы дер кезінде хабардар етуге, цифрлық сауаттылықты арттыруға және интернетте қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, қаланың басқа да білім беру ұйымдары мен қоғамдық алаңдарын қамтитын болады. Полиция күмәнді қоңыраулар, хабарламалар немесе сілтемелер келген жағдайда жеке деректерді, банк карталарының реквизиттерін және растау кодтарын беруге болмайтынын ескертеді. Күмән туған кезде дереу полицияға жүгіну қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті