Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Anti-fraud" ЖПІШ: көлік полицейлері интернет-алаяқтықпен күресті күшейтті

Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері интернет-алаяқтықпен күресті күшейтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13–15 мамыр аралығында көліктегі полиция департаменті қызмет көрсететін аумақта ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған "Anti-fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Биыл департамент құрылымында киберқылмыспен күреске мамандандырылған бөлім құрылып, соның нәтижесінде интернет-алаяқтық фактілері едәуір азайды. 

Мәселен, аталған бөлімнің алдын алу шаралары арқасында осындай қылмыс түрлері 5-тен 2-ге дейін төмендеген. Іс-шара аясында киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Астана-1 теміржол вокзалында жолаушылармен арнайы кездесу өткізіп, интернет-алаяқтықтың түрлері мен белгілері жайында ақпарат берді. Азаматтарға брошюралар мен ақпараттық парақшалар таратылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге көлік прокуратурасы мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері де қатысты. Мамандар азаматтарға цифрлық гигиенаны сақтау – яғни жеке деректер мен құпия сөздерді үшінші тұлғаларға бермеу, белгісіз сілтемелер мен қосымшалардан бас тарту қажеттігін қаперге салды.

- Алаяқтар әлеуметтік желілер, фишинг сілтемелері мен жалған банк схемалары арқылы адамдарды алдап соғуда. Біздің басты міндетіміз – алдын алу, азаматтардың қаржысын қорғау, – деді көліктегі ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Руслан Құрманов. 

Банк өкілдері де азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігі – алаяқтардың әрекеттеріне жиі ұрыну себептерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар банктерде күмәнді операцияларды анықтауға арналған anti-fraud жүйелері іске қосылған. Полиция барлық азаматтарды қырағы болуға және күмән туындаған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді