Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі дата-орталықтар мен жасанды интеллект саласындағы жобалар бойынша инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Цифрлық даму министрлігі дата-орталықтар мен жасанды интеллект саласындағы жобалар бойынша инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Фото: ҚР ЦДИАӨМ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен бірге БАӘ Инвестициялар министрі Мохамед Хасан Алсувайдимен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ, БАӘ Инвестициялар министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Стратегиялық құжат ҚР аумағында іске асырылатын деректерді өңдеу орталықтары жобаларына инвестициялар үшін негіз құруға бағытталған. Қол қойылған құжат екі ел арасындағы берік әрі тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ тиісті бастамаларды қолдау және білім алмасуға жәрдемдесу үшін ынталандыруды енгізу көзделеді. Бағдат Мусин Абу-Дабидегі іс-сапары аясында Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхаммен кездесті. Кездесуде IT саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалары талқыланды. Бұған дейін Томас Прамотедхам Қазақстанға Digital Bridge форумына қатысу үшін келген болатын. Presight AI – G42 тобына кіретін жасанды интеллектке негізделген үлкен деректерді талдау саласында жетекші компания. G-42 тобы жасанды интеллект пен бұлтты есептеулерге маманданған жаһандық көшбасшы болып табылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды