Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне ЖИ енгізу мәселелері талқыланды

Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне ЖИ енгізу мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық бірлестіктер және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жасанды интеллектіні енгізудің ағымдағы мәртебесі, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, өнеркәсіпте жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі және оны одан әрі дамыту жоспарлары қаралды.

«Жасанды интеллектіні енгізу – бұл жай ғана технологияларды жаңғырту емес, бүкіл экономика үшін стратегиялық қадам. Қазақстан өз өнеркәсібінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті жеке сараптамасы мен шешімдерін қалыптастыруы тиіс», — деп атап өтті Роман Скляр.

Отандық технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибемен алмасуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Жоспарланған шараларды жүзеге асыру өндірістік үдерістердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар технологиялық жаңғыртуға, өнімділіктің өсуіне және Қазақстанның индустриялық даму көшбасшылары қатарындағы позициясын нығайтуға тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді