Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадан қыс мезгілі басталғалы бері 1,6 млн текше метрден астам қар шығарылды

Астанадан қыс мезгілі басталғалы бері 1,6 млн текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананы қардан тазарту жұмысы үздіксіз, тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде қала аумағынан қар полигондарына 57 412 текше метр қар 4 089 жүк көлігімен шығарылды. 5 қаңтар күні таңғы уақыттан бастап қаладағы негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарларда және жаяу жүргіншілер аймақтарында 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,8 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Қыс маусымы басталғаннан бері қала аумағынан қар полигондарына 1 млн 644 мың текше метрден астам қар 125 мың рейспен шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына мұзға қарсы материалдар себіліп жатыр. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

Астана қаласы әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда абай болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарларға шығар алдын ауа райы жағдайларын назарда ұстауға шақырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті