Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар күреуге 1 300-ден астам арнайы техника шығарылды

Астанада қар күреуге 1 300-ден астам арнайы техника шығарылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген, үздіксіз жұмыс режимінде қызметін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілттеме жасап.

Түнгі ауысым барысында коммуналдық қызмет өкілдері қала аумағынан 1102 жүк көлігі рейсімен шамамен 15 мың текше метр қарды шығарып үлгерді. 18 желтоқсан күні таңертеңнен бастап қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Қыс маусымы басталғалы бері елордадан қар полигондарына 56 092 жүк көлігінің рейсімен 722 мың текше метрден астам қар шығарылды. Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жұмы жүргізіледі.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Сонымен қатар, аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екені еске салынады. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен мұздан уақытылы тазалауы тиіс. Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті