Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түнгі уақытта қар тазалау жұмысына мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды

Астанада түнгі уақытта қар тазалау жұмысына мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр. Күн сайын мыңдаған жол жұмысшысы мен арнайы техника көшелер мен аулаларды қардан тазартады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 қараша күні қала аумағынан полигондарға 1 011 рейспен 12 079 текше метр қар шығарылды.

8 қарашаға қараған түні қар тазалау жұмысына 448 жол жұмысшысы мен 1 098 арнайы техника жұмылдырылады.

Қысқы кезең басталғалы бері елордадан жалпы көлемі 38 мың текше метрден астам қар 3 143 рейспен шығарылды.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Кейіннен орташа қозғалыс бар учаскелер – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазаланады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарға шықпауға шақырады.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді