Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3 мыңнан астам жұмысшы мен 1800-ден аса техника: Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр

3 мыңнан астам жұмысшы мен 1800-ден аса техника: Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында қалың қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысыммен атқарылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алдымен қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазаланады. Бұл жолдарда көлік кептелісінің алдын алу мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар орташа қарқынды аумақтар – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар және өзге де аумақтар қардан тазартылады.

5 қаңтар күні күндізгі ауысымда негізгі магистральдарға, квартал ішіндегі жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 800-ден аса арнайы техника жұмылдырылған.

Өткен түні қала аумағынан қар полигондарына 4 089 ауыр жүк көлігімен 57 412 текше метр қар шығарылды. Ал қыс мезгілі басталғалы бері 125 мың рейспен 1 644 000 текше метрден астам қар тасымалданды.

Тұрғындардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына техникалық тұз себіліп жатыр. Ал аула аумақтарының тазалығын қамтамасыз етуге ПИК пен МИБ жауапты. Олар тұрғындардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін аулаларды қар мен мұздан уақтылы тазартуы тиіс.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, алдағы күндері елордада қарлы әрі аязды ауа райы болады: 5 қаңтарда күн бұлтты, кей уақытта аздап қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және күндіз 9–14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -11…-13°С, күндіз -7…-9°С болады.

6 қаңтар күні көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -4…-6°С болады.

7 қаңтар күні көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел түнде және күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12…-14°С, күндіз -10…-12°С болады.

Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс жолға кезде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті