Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмасы бойынша Павлодар әуежайын реконструкциялау қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады

Президент тапсырмасы бойынша Павлодар әуежайын реконструкциялау қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында әуежайды жаңғыртуға кірісіп жатыр. Жоба жасанды ұшу-қону жолағын, бұру-қозғалу жолын, перронды реконструкциялау жұмыстарын қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсатқа 9,3 млрд теңге бөлді.

Жобаны жүзеге асыру ұшу салмағы бойынша шектеусіз әуе кемелерінің заманауи түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Павлодардың географиялық орналасуын ескерсек, бұл өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады. Инфрақұрылымды жаңарту сонымен бірге, облыстың көлік қолжетімділігін жақсартуға, жолаушылар ағынын арттыруға және іскерлік белсенділікті дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – әуежай параметрлерін халықаралық ICAO стандарттарының талаптарына сәйкестендіру. 

Жоспарлы жұмыстың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • Ұшу-қону жолағын 45 метрден 60 метрге дейін реконструкциялау және кеңейту;

  • Бұру-қозғалу жолы мен перронды жаңарту;

  • Энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту;

  • Периметрі бойынша жарықпен сигнал беру жабдықтары мен бейнебақылау жүйесін орнату.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты әуежай қызметі өткен жылдың сәуір айынан бері уақытша тоқтатылған. Осы уақытқа дейін әуе айлағы Астана және Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерге қызмет көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті