Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді

Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысының өңірлік көлік хабтарын дамыту және әуе қатынасы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Балқаш қаласының әуежайын реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 945 млн теңге бөлді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанды реконструкциялау жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әуе айлағының негізгі параметрлерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өткізу қабілеті 30%-дан астамға артады.

Қазіргі уақытта жұмыстардың едәуір көлемі орындалған. Атап айтқанда, әуежайдың негізгі ғимараты мен қосалқы нысандарының шатыры жөнделіп, терезелер орнатылып, кәріз жүйесі және су құбырының негізгі желісі жаңартылды. Сондай-ақ кәріз-сорғы стансасы, трансформаторлық қосалқы станса, желдету және жылыту жүйелері орнатылды.

Сонымен қатар әуежай қызметін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте қажетті арнайы аэродром техникасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аэродромдық өрт сөндіру көлігі, жылжымалы трап, шағын автобус және аэродромға арналған жанармай құю көлігі сатып алынған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде авиациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды. Ол Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбеде және басқа да ірі қалалардағы жетекші әуежайларды мультимодальды хабтарға айналдыру үшін ауқымды жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар негізгі туристік аймақтарда (Қатонқарағай, Зайсан, Кендірлі) жаңа әуежайлар салу және өңірлік әуе айлақтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті