Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайтарылған активтер қаражатының 5,1 млрд теңгесі Қарағанды облысының су құбыры желілерін салуға және реконструкциялауға бөлінген

Қайтарылған активтер қаражатының 5,1 млрд теңгесі Қарағанды облысының су құбыры желілерін салуға және реконструкциялауға бөлінген
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Қарағанды облысында су құбыры желілерін салуға және реконструкциялауға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржыландыру қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Жобалар облыстың бірнеше елді мекендерінде – Қарағанды қаласында, Тихоновка, Садовое, Колхозное, Ақтерек, Әлихан ауылдарында, сондай-ақ Көктенкөл стансасында жүзеге асырылуда.

Су құбыры желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары олардың тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты қолға алынған. Көптеген желілер ондаған жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылып, апаттар мен су беру үзілістеріне, тұрғындардың шағымына себеп болып келген. Барлық жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінде Қазақстанда елді мекендерді кезең-кезеңімен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылып жатыр. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, Қарағанды қаласы тұрғындары ауыз сумен 99,4%, ал ауылдар халқы 97,9% қамтылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті