Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмалары аясында Астана әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Олжас Бектенов авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмалары аясында Астана әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері шеңберінде Астана қаласының халықаралық әуежайын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиын барысында Премьер-министрге Астана әуежайының ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу мерзімінің аяқталғаны туралы баяндалды. Жүргізілген жұмыстар инфрақұрылымның сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әуе айлағының материалдық-техникалық базасын одан әрі реконструкциялау және нығайту жоспарлары туралы хабардар етті.

Жобада жаңа ұшу-қону жолағын салу, перрондар мен терминалдарды жөндеу, техникалық құралдарды жаңарту сынды тағы да басқа жұмыстар қарастырылған. Одан бөлек, логистикалық кешендер, қоймалар, қонақүйлер, кеңселер және әкімшілік ғимараттарды қоса алғанда инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әуежай жылына 9 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жобаны жүзеге асыру таяудағы бірнеше жылда бұл көрсеткішті орта есеппен 12 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиынға қатысушылар әуежайды одан әрі дамыту үшін инвесторлар тарту мәселесін талқылады. Ірі халықаралық корпорациялар тарапынан қызығушылық бары атап өтілді.

Кеңес қорытындысында Премьер-министр Көлік министрлігі мен Астана қаласының әкімдігіне елорданың авиациялық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті