Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жұрт Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда жұрт Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары келген.Актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов "Кеңсай-1" зиратында жерленеді. Өнер иесі 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді.

Асанәлі Әшімов - қазақтың театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог, Қазақстанның Еңбек Ері (2017), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980).

Ол 1937 жылғы 8 мамырда Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр факультетін тәмамдады. 1961–1963 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында еңбек етті.

1963 жылдан бастап Алматыдағы М.О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрында актер әрі режиссер болды. Театр сахнасындағы қызметі барысында шамамен 50-ге жуық рөл сомдады. 1987–1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.

Ол сондай-ақ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық етті. 2017 жылы актердің театр сахнасынан біржола кету туралы түпкілікті шешім қабылдағаны белгілі болды.

Көпшілікке "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Маньчжур нұсқасы", "Шоқан Уәлиханов", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" және өзге де фильмдер арқылы кеңінен танылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті