Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Ұлттық домбыра күніне арналған «Әлемді күймен әлділеп...» атты концерт өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында көрерменге ұлттық мәдени мұра: халық әндері мен күйлері ұсынылды.
Жақында Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде домбыра біздің тарихымыздың терең тамыры бар оқиғаларының куәгері екенін тілге тиек етті.

«Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс», – деді Президент.

Мерекелік концертке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Атап айтқанда, Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, «Құрмет» орденінің иегері Олжас Сүлейменов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекболат Әбдіберікұлы және басқалары.
Сонымен қатар, концертке Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Қазақ квартеті» қазақ ішекті квартеті, «Hassak» этно-фольклорлық ансамблі және «Ұлытау» тобы қатысты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты