КСРО-ның тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Орталық клиникалық аурухана мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
"Бүгін кешке ауыр әрі ұзаққа созылған дерттен Михаил Сергеевич Горбачев қайтыс болды", - делінген Орталық клиникалық аурухана хабарламасында. Айта кетейік, Михаил Горбачев 1931 жылғы 2 наурызда Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Красногвардейский ауданының Привольное ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін, 1967 жылы Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
1955-1966 жылдары Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет еткен. 1966-1967 жылдары Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы, 1978-1985 жылдары КОКП ОК-нің хатшысы, 1980 жылдан саяси бюро мүшесі, 1985-1991 жылдары КОКП ОК-нің бас хатшысы, 1988-1989 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы, 1989-1990 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1990 жылғы наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның президенті болып сайланды. 1991 жылғы 25 желтоқсанда КСРО-ны тарату туралы Беловеж келісіміне қол қойылғаннан кейін Горбачев өзінің президент ретіндегі қызметін тоқтататынын мәлімдеді.
31-08-2022, 10:28
92 жасқа қараған шағында Михаил Горбачев өмірден өтті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз