Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры есептік гастрольдік сапармен Астанаға келді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры есептік гастрольдік сапармен Астанаға келді
Фото: gov.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 2023 жылдың 01-07 мамыр  аралығында Астана қаласына есептік гастрольдік сапармен барады.

Осыған орай, 02  мамыр  сағат 12.00-де  Қазмедиа орталығы, Орталық коммуникациялар қызметі студиясында (Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 4 үй)   баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты  Асанәлі Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Данагүл Темірсұлтанова қатысады.

Өнер ұжымы театр репертуарындағы шоқтығы биік спектакльдерін Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етпек.  

Атап айтар болсақ:  

01 мамыр  – Мұхтар Әуезовтің  «Қарагөз» драмасы; Басталуы сағат  18.00-де.

02 мамыр  – Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясы; Басталуы сағат 19.00-де.

03 мамыр  – Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша қойылған «Қара» драмасы;  Басталуы сағат  19.00-де.

04 мамыр  – Александр Володинның «Қоштасқым келмейді» драмасы; Басталуы сағат 19.00-де.

05 мамыр – Б.Брехтің  «Кураж шешей және оның балалары» атты  пьесаның желісі бойынша  қойылған «Пері қатын» драмасы. Басталуы  сағат 19.00-де.

06 мамыр – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің  «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясы. Басталуы сағат 18.00-де.

07 мамыр -  Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» драмасы. Басталуы сағат 18.00-де.     


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын