Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жыл сайын кемінде 40 ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр

Алматыда жыл сайын кемінде 40 ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жыл сайын кемінде 40 ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Шаһар басшысы мәдениет қаланың маңызды әлеуметтік құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын елеулі құндылық екенін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, 2028 жылға дейін Қазақ мемлекеттік циркін, Алматы хайуанаттар бағын, Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған.

«Қалада жыл сайын кемінде 40 ірі мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіліп, тұрғындарды мәдени өмірге кеңінен тартуға және заманауи мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталады», – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2027 жылға дейін «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жоспарланған. Негізгі жобалардың бірі – UEFA талаптарына сай, 45 мың көрерменге арналған жаңа стадион салу. Нысан құрылысын 2027 жылы аяқтау көзделіп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті