Алматыда Мемлекет басшысының 2,5 млн ағаш егу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасып келеді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналист сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, көгалдандыру бағдарламасы 2030 жылға дейін есептелген және бүгінгі таңда жоспарланған көлемнің жартысы орындалған. Келесі кезең аясында қалада қосымша шамамен 1,3 млн ағаш пен бұта егу көзделіп отыр.Алматы әкімі қалада көгалдандыруға қатысты тәсілдер қайта қаралып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, сандық көрсеткіштерге ғана емес, егілетін материалдың сапасына да басымдық беріліп отыр.