Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы сапалы білім мен қолжетімді денсаулық сақтауға инвестиция құйып отыр

Алматы сапалы білім мен қолжетімді денсаулық сақтауға инвестиция құйып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының әлеуметтік дамуы қала үшін басым бағыт болып қала береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, Алматыда білім беру және медициналық мекемелер желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Жақын уақытта 16 жаңа балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларда 10 000 қосымша орын ашу үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Аталған шаралар 2030 жылға қарай 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 99 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Алматы мектеп стандартына» сәйкес оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту мақсатында алдағы бес жылда 16 мектеп пен 7 қосымша ғимарат салу көзделген.
«Денсаулық сақтау саласында бірыңғай стандартқа сәйкес қаладағы 475 мың тұрғынды медициналық қызметпен қамтитын медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 11 нысан салынады. Сонымен қатар 3 перзентхананың, 2 заманауи стационардың, сондай-ақ 250 орынға арналған хоспис пен СПИД орталығының құрылысы басталады. Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында 4 негізгі стационар мен 2 клиникалық ауруханаға ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 1,5 млн тұрғынды қамтитын 16 қосымша жедел медициналық жәрдем станциясы салынады», – деді Дархан Сатыбалды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті